Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақала туралы мақала

17.01.2020, 9:47 1091

Жергілікті биліктің басы-қасында жүргендердің табан астынан­ шығармашылық шабыты шырт ұйқыдан оянып кететін­і  бар. Әсіресе, қаңтар айында. Құдды журналистиканың  «отымен кіріп, күлімен шыққан» әріптестеріміз жазған ба  дерсіз… Мүмкін солай да шығар-ау?!

Әңгімеміздің әлқиссасында лауазымды азаматтардың қаңтарда шығармашылық қабілеттері «қозып» кететінін айттық­ ғой. Біздің көкейімізде «Жарықтық, бұлар шабытты қаңтардың қақаған аязынан алатын шығар» деп жүрсек, қателесіпп­із. Сөйтсек, мемлекеттік қызметкерлерді мақала жазуға қанаттандырған Елбасының бұған дейінгі халыққа арнаға­н  Жолдаулары екен. Біз оны қайдан білейік? Онсызда мемлекеттік  бұқаралық ақпарат құралдарында жолдау жөнінде дүркін-дүркін ақпараттар жарияланады емес пе? Сол дүрмекке еліте ме, әлде Елбасының Жолдауын жүрекке жылы қабылдай ма, белгісіз, әйтеуір «міне, керемет!» деп баста­латын мақалалардан көз сүрінеді. Сүйексіз тілден сұлу сөздер төгіліп, Жолдауды қолдаудан аянған емес.

Қайбір жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыр­у»  бағдарламалық  мақаласы шықты. Сонда лауа­зымды қызметтегі біраз кісі рухани жаңғыру жөнінде әлсін-әлсін мақал­а жазып, жергілікті БАҚ-тың «штаттан тыс тілшісі» боп кете жаздады. Сұрастырсақ, «жоғарыдан берілген тап­сырма осы еді» дейді. Қазір байқаймын, бұрынғыдай ешкім «рухани жаңғырып» жатқан жоқ. Тыныштық. Аталған тақырып­  төңірегінде «толғанып» жатқандар да сиреді. Естеріңі­зде  болса, одан кейін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы шықты. Ең қызығы, сол мақала жарыққа­ шыққан күннің ертесіне жергілікті жерлерде іле-шала  жиындар  ұйымдастырылды.

Кеше ғана ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Хакім Абайдың еңбектерін еңкейген кәріден еңбектеген балаға­ дейін жата-жастанып оқыды. Ел ақынның шығармаларын өзіне өмірлік бағдаршам етті. Дегенмен…

Дегенмен, билік басындағылар ескі сүрлеумен әлі келеді. Мемлекет басшысының мақаласынан соң сан саланың тізгінін ұстағандар Абайды бүгін танып-білгендей өз мақа­лаларына арқау етуде. Шындығында, Абай бұрыннан бар еді. Ал өткен аптадан бері шығармашылық шабыты оянып жатқанд­ар Абай шығармалары жөнінде былтыр неге жазбады екен, ә? «Соның жауабын таба алмай өзім де қайранмын»…

Асан  Дәулет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: