Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды мәселелер талқыланды

19.01.2023, 9:50 168

HALYQLINE.KZ Кеше Арал ауданы әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен салалық мәжіліс өтті. Жиының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен аудандық прокуратурамен анықталған жер мәселелеріне қатысты заң бұзушылықтар туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәрменқұлов Нұржан баяндады. Өткен жылы нысаналы мақсатына сәйкес игерілмеген ауылшаруашылығы мақсатындағы игерілмеген 79 603 гектар болатын 43 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұнымен бірге, кәсіпкерлік мақсаттағы 51 жер учаскесі анықталып, қолданыстағы заң талаптарына сай шара қолдану үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.

Аталған деректерді келтірген хабарламашы мерзімі аяқталған және ауылдан көшіп құрылысын бұзып тастаған тұрғындардың жер учаскелерін анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу, елді мекендерге тіркелген мал басын анықтап, халыққа қажетті жайылымдарды белгілеп, картасын бекіту сынды ұсыныстарын жеткізді.

Мұнан соң, аудандық прокуратураның прокуроры, кіші Әділет кеңесшісі Р.Нұрлыбаев өткен жылы орын алған кемшіліктерге тоқталып, ауылдық округ әкімдеріне жұмысты жандандыру қажеттігін айтты. Мәжілісте егін шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстар жайында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов мәлімдеді. 2022 жылы жоспарланған 800га жердің 704,2 гектарына егіс егіліп, өнім алынған. Жиын барысында белгіленген жоспардан аз көлемде егін егілген ауылдық округтерден себебі сұралып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу қажеттігі ескертілді. Мәжіліске төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары биыл көкөніс, бақша дақылдарын егу, орналастыру бойынша білім, денсаулық сақтау салалары мен аудан төңірегінде орналасқан кәсіпорын, мекемелерге де белгіленін айтып, бұл жұмыстарға ұжым мүшелерін тарту қажеттілігін айтты. Мұнан әрі Арал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Әуезханов өсімдіктер карантині және өсімдік қорғау саласы бойынша заңнамаларды түсіндірді.

Одан соң Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Арал аудандық филиалының басшысы Алдамжаров Нұрболат өсімдіктерді зиянкестер мен қауіпті организмдерден қорғау, фитосанитариялық талаптарды сақтау барысындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

Салааралық мәжіліс қорытындысымен жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, мақсатты пайдаланылмай тұрған барлық жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша заңға сәйкес жұмыс істеу, тұрғын үй құрылысы үшін уақытша табысталған жер телімдерінің қолдан-қолға сатылуын тоқтату және алаяқтық қылмыстарының алдын-алу үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар, арамшөптерді жою үшін қолданылатын химикаттарды және жанар-жағар маймен уақытылы қамтамасыз ету, 2023 жылға егілетін болжамды егіс көлемін және одан алынатын өнімнің болжамды көлемі туралы нақты ақпарат ұсыну жүктелді. Мұнымен бірге, ауданның фитосанитариялық ахуалын тұрақты бақылауда ұстау, елді мекендерде зерттеу жұмыстары сапалы, әрі мерзімінде жүргізілуін қамтамасыз ету, карантиндік объектілер мен ерекше қауіпті шегіртке зиянкесі маусымы басталған уақытта тұрақты түрде хабарлау жөнінде тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: