Франция президенті Эммнуель Макрон Ресей Украинаға басып кірген 2022 жылдан бері алғаш рет Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенкомен тікелей телефонмен сөйлесті.
Беларусь тарапының мәліметінше, әңгіме 24 мамырда Франция жағының бастамасымен өткен. Екі тарап аймақтық мәселелер мен Минскінің Еуроодақпен қарым-қатынасы жайын талқылаған.
TF1/LCI дерегінше, Макрон Лукашенкоға Беларусь Ресейдің Украинаға қарсы соғысына тартылған жағдайда кезігуі мүмкін қауіп жайлы ескерткен. Париж Минскіні Еуропамен қатынасты жақсартуға қажетті қадамдар жасауға шақырған.
Кейінгі күндері Мәскеу мен Минск Беларусь аумағына орналастырылған, ядролық қару алып ұша алатын ресейлік «Искандер» тактикалық зымыранын қолдану бойынша бірлескен жаттығу өткізген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!