Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлгінов аудан әкімдеріне жаяу жүруді тапсырды

28.04.2020, 10:50 383

HALYQLINE.KZ –| Елордадағы әкімшілікте қаланың құрылысы, санитарлық тазалық және жол жөндеу мәселелері талқыланды. Қала әкімі қоластындағыларға мәселенің мән-жайын білу үшін жаяу жүру керектігін айтты.

Оның айтуынша, карантинге қарамай, жауапты қызметкерлер қаланың құрылыс, абаттандыру сияқты мәселелерімен айналысу керек. 

«Мен жиі жаяу жүремін, сол кезде сіздердің жұмыстарыңыздың олқылықтары көрініп тұрады. Өз аудандарыңыздағы мәселелерді көру үшін жаяу аралап тұру керек. Қыстан кейін тротуарлардың, қоршаулардың кем-кетігін қалпына келтіру керек. Жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл жұмыстың да сапасын бақылаған жөн», – деді Алтай Көлгінов. 

Әкімнің айтуынша, әл-ауқаты төмен «Алматы» ауданындағы мәселелер қысқа мерзімде шешілуі тиіс. 

«Шектеу шаралары тоқтаған бойда қала тұрғындары көшеге шығады. Бәрі дайын болуы керек. Шаруашылықты қадағалаңыздар», – деді ол. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: