Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иммундау жұқпаның алдын алу үшін тиімді

15.05.2020, 16:14 262 0

Қазақстанда иммунопрофилактика ерекше орын алады. Халықтың, әсіресе балалардың эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екпе күнтізбесі бекітілген. Вакцина егу негізінде адамда иммунитет қалыптасады. Тәжірибе көрсеткендей, инфекция жұқтырған адам вакцина егу нәтижесінде ауруды жеңіл түрде өткізеді, ал асқынулар мен өлім-жітім жағдайлары сирек болып табылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде иммундау туралы жалған ақпараттар көптеп таратылуда. Вакциналар туралы дұрыс емес ақпарат аурудың таралуы сияқты өте жұқпалы және қауіпті болып есептеледі. Вакциналар жылына кемінде 2 миллион адамның өмірін сақтайды. Вакциналардың арқасында шешек ауруы жойылғанын, полиомиелитпен күрес, қызылша ауруы және т.б. жұқпалы аурулардың едәуір азайтылғаны белгілі. Қай елде болмасын жаппай жұқпалы аурудың эпидемиялық қаупі туындаған кезде нақты профилактикалық егулер – аурумен күрес жолында ең тиімді тәсіл. Вакциналар денсаулық сақтау тарихындағы ең күшті инновациялардың бірі, сау және қауіпсіз әлем құру үшін ең жақсы инвестициялардың бірі болып табылады.

Г.Жаналиева,

«Қызылорда  облыстық  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  орталығы»  ЖШС-нің  Сырдария  ауданы  бойынша  маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: