Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлшара Әбдіқалықова: «Дәрігерлердің елеулі еңбегі ескерусіз қалмайды»

15.04.2020, 16:11 372

HALYQLINE.KZ –| Жаһанды жайлаған пандемия кезеңінде медицина қызметкерлері «COVID-19» вирусымен алдыңғы шепте күресіп жүр. Олар еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, халықтың қорғаны һәм қалқанына айналды. Сондықтан жоғары мадақ пен ерекше құрметке әбден лайық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін қаржылай және рухани қолдау керектігін тапсырғаны белгілі. Осы ретте, вируспен күреске жұмылдырылғандардың барлығы өздеріне тиесілі үстемақысын алады. Елеулі еңбектері ескерусіз қалмайды. Қазір олар дұрыс тамақтанып, тыныға да алмай жүр. Жақындарымен мүлде жүздеспейді. Сол себепті ақ халаттыларды барынша қолдауымыз керек. Кеше мен халық саулығын қорып жүрген дәрігер, мейіргер, мейірбике және медицина көлігін жүргізушілермен телефон арқылы сөйлестім. Жеке өзімнің және аймақ жұртының атынан алғыс білдірдім. Сындарлы сәтте сырқатқа қасқая қарсы тұрған ақ халаттыларға амандық пен мұқалмас жігер тіледім. Біз әрқашан біргеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: