Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлшара Әбдіқалықова: «Дәрігерлер вирусты жеңіп шығатынын жеткізді»

18.04.2020, 9:10 473

HALYQLINE.KZ –| Адамзат баласына қиын сынақ әкелген «COVID-19» вирусымен күн-түн демей күресіп жүрген бейбіт күннің батырлары, медицина қызметкерлерінің хал-жағдайы қалай? Көзге көрінбейтін жаумен арпалыста қандай қиындықтармен кезігіп жүр? Осы жайт көпшілігімізді алаңдатады. Себебі, ақ халаттылар бүгінгі қоғамның ең негізгі қорғанына айналып отыр. Бұл жолы мен медицина қызметкерлеріне қолдан келген көмегін көрсетіп, қолдауын аямай келе жатқан кәсіпкерлердің еңбегін ерекше атап өткім келеді.

Кеше ғана вируспен күресте алдыңғы шепте жүрген 20 маман «Достық» қонақүйіне тегін орналастырылды. Тынығып, демалуына жайлы жағдай жасалды. Бұған қоса, өңірдегі «KAZPETROL GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке қаражаты есебінен 12 млн теңге бөліп, 120 медицина қызметкеріне 100 мың теңгеден материалдық көмек көрсетті. Өздеріңізге белгілі, таяуда мен медицина қызметкерлерімен телефон арқылы сөйлестім. Әңгіме өңірдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайында өрбіді. Халық саулығын қорып жүргендердің сенімділігі қуантты. Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері Жадыра Зинабдинова, Жарқынай Әліби, Шиелі аудандық ауруханасының дәрігері Ақжан Дәрібаева және Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Алма Асқаровалар бірауыздан вирусты міндетті түрде жеңіп шығатынын айтты. Өздеріне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкерлерге алғысын да жеткізді. Қонақүйде тынығып, ыстық тамақпен қамтылып, жайлы жағдай жасалып жатқанына ризашылық білдірді.

Ендеше, мен де өз атымнан қандай қиындық болса да мойымай, вирусқа қасқая қарсы тұрған дәрігер, мейіргер, мейірбикелерге, күреске жұмылдырылған барлық сала өкілдеріне алғысымды айтамын. Біз қашанда біргеміз!

Қызылорда облысының әкімі

Гүлшара Әбдіқалықованың

ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: