Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлшара Әбдіқалықова: «Біз қашықтан жұмыс істеудің тиімділігін түсіндік»

30.03.2021, 12:00 1102

HALYQLINE.KZ

– Карантин біздің көп нәрсеге деген көзқарасымызды өзгертті. Біз дәрігер мамандығының, жай ғана саябақтарда серуендеп жүрудің қадірін түсіндік. Сіздің ойыңызша, пандемия бізді тағы неге үйретті, неге көзімізді ашты?

– Өз балаңды оқытудың қан­шалықты қиын екенін түсін­дірді. Ата-аналар бала­ла­рының білім алуына белсенді қатыса бастады. Бұл тым жеңіл жұмыс емес екен. Карантин тәулігіне 24 сағат ата-ана болудан гөрі, бір мезгіл баланы балабақша мен мектепке жіберген әлдеқайда жеңіл екенін көрсетті.

Баланы үйде оқытқан кезең мұғалімдерді сынағанда қан­шалықты қателесетінімізге көз жеткізді. Егер біз, ата-аналар, өз балаларымызды оқытуда түрлі қиындықтармен бетпе-бет келсек, дайындық деңгейі, материалды түсінуі, мінез-құлқы әртүрлі 30 баланың алдындағы мұғалімнің жағ­дайы қандай? Менің ойымша, мұғалім мамандығын дұрыс бағалай алмай жүрміз.

Біз цифрлық сауаттылықты арттыру керектігін түсіндік. Интернетке қосылған кез келген адам сол кезеңде қалада жүріп-тұруға рұқсат алудан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеуге дейінгі сервистерді пайдалануға мәжбүр болды.

Біз қашықтан жұмыс істеудің тиімділігін түсіндік.

Әсіресе қала тұрғындары қалада көлік жүрмесе, ауа таза болатынын түсіндік.

Тағы да өз өндірісіміздің болғаны қаншалықты маңызды екенін карантин мен локдаун көрсетіп берді.

Сондықтан өз өндірісіміз туралы талдау жасап, бірінші кезекте қажетті заттардың барлығы сырттан тасымалданатынын анықтадық. Осыған орай бизнеске 271 млрд теңгенің 265 жобасын ұсынған 2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық даму Картасын жасауға шешім қабылдадық. 2020 жылы 7 млрд теңгеден астам қаржыға 89 жоба жүзеге асып, 1047 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Картаны жасауда өңірдің ресурстық потенциалын тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы институттары бағдарламаларының құрал­дарын кешенді қолдану көз­делген. Өңірді бірінші ке­зектегі қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру және жұ­мыспен қамтуға баса мән беріліп отыр.   

Сонымен қатар, әлемдік тә­жірибе көрсеткендей, дағдарыс кезінде экономиканы қалпына келтіруде шағын және орта кәсіпкерлік салаларының үлесі зор. Себебі дәл осы сала на­рықтың және біздің қажет­тілігімізге қарай өте жылдам бейімделе алады.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың

облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести»

газеттеріне берген сұхбатынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: