Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі жақты меморандумға қол қойылды

15.09.2020, 10:00 469

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев қатысты.

Тараптар Қызылорда қаласында «Қазақстан азаматының әлеуметтік картасы» пилоттық жобасы аясында ынтымақтастық меморандумына отырды.

Басқосуда қала әкімі төтенше жағдай жарияланған кезеңде өз өмірлерін қауіпке тігіп, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, халыққа тікелей қызмет көрсеткен «Қазпошта» қызметкерлерінің ерен еңбегін, табандылық танытқан қайраттылығын ерекше атап өтіп, белсенділіктің жаңа деңгейін көрсеткенін баса айтты.

Пандемия кезінде ел игілігі жолында қызмет етіп, қоғамның пайдасы үшін еңбек еткен бірқатар «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының қызметкерлері «Құрмет грамотасымен» және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: