Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Домбыра рекордтар кітабына қалай енді?

08.07.2020, 10:20 1667

HALYQLINE.KZ Домбыраның прототипінің тамыры көне замандарға кетеді. Алматы облысында билеп жүрген адамдардың тасқа қашалып салынған суреті және қазіргі домбыраға ұқсайтын аспаптың суреті табылған. Суреттер неолит дәуіріне жатады. Яғни, домбыраның 4 мыңжылдық тарихы бар!

 Белгілі ғалым әл-Фараби музыканың тек ғана сауық үшін еместігін, сонымен қоса, музыканың бала жастан бастап, жанды тәрбиелеуге арналған құрал екендігін атап айтады. Әл-Фарабидің өзі де бірнеше аспапта ойнаған, солардың ішінде домбыра да бар.

 Биыл белгілі қазақ және совет әншісі, музыкант Әміре Қашаубаев туралы фильм жарыққа шықты. Ол өз даусымен, табиғи дарынымен және де экзотикалық аспап – домбыраның үнімен Еуропаның талғампаз жұртшылығын баурап алды.

 Қадыр Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзі домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Рекорд қоюға он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі бірге «Кеңес» күйін орындаған. Бұл оқиғаның Қытайда болғанын айта кету керек. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі шетелде осылайша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: