Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дағдарыс басталды десе де болады

21.04.2020, 10:15 511

Ерлан  САИРОВ,

саясаттанушы

HALYQLINE.KZ –| Дүниежүзін, бізді әлі талай сын күтіп тұр. Алда терең, жан- жақты экономикалық дағдарыс болуы ықтимал. Дағдарыс басталды десе де болады. Біз әлі сезінген жоқпыз. Мамыр айының аяғында сезіле басталуы ықтимал.

Дүкендерде азық-түлікке баға өсіп кетті, теңгенің құны түсіп барады, адамдардың сатып алу қабілеті төмендейді. Сатып алу төмендегендіктен тауар айналымы бәсеңдейді. Адамдардың әлеуметтік деңгейі осыдан төмендей бастайды. Тоңазытқыштың іші азық-түлікке азайған сайын, адамдардың ашу-ызасы жоғарылай берері анық. Еліміздің әлеуметтік температурасының жоғарылауы осылай басталады.

Халықта нақты күйзеліс басталуы мүмкін. Ауруын жасырған өледі. Біз осыған дайын болуымыз керек. Не істеу керек?

1) Халықтың сатып алу қабілетін ұстап тұрып, көтеру керек. Бүгінде мемлекет халыққа адресті көмегін жан-жақты жасауы керек. Қоғамдық жұмыстарды көбейтіп (мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру), мемлекет әр-түрлі қызмет түрлерін қазірден ойластырғаны жөн.

2) Ірі құрылыс объектілерін (жалпыхалықтық құрылыс) салуға халықтың әртүрлі санаттарын адресті түрде тартуды ұйымдастыру.

3) «Цифрлы Қазақста» бағдарламасын жандандыру үшін елдің түкпір- түкпіріне желі (кабель) тарту керек. Неге осындай жұмыстарға жергілікті халықты тартпасқа?

4) Елімізді газдандыру – өте өзекті мәселе. Осындай дағдарыс кезінде ірі инфрақұрылымдық жобалар азаматтардың ұнжырғасын көтеріп, азаматтардың қалтасын толтыруға қабілетті. Елді кешенді газдандырудың халықтық бағдарламасын жасау өзекті.

5) Микро, отбасылық бизнесті дамытуға арзандатылған кредиттер ұйымдастыру өте маңызды.

6) Елімізге пайдасы аз, бюджеттен қыруар қаржы жұмсалатын құрылымдарды жою керек. Мысалы, дәл қазір «Астана» қаржы орталығы «бес тиынға» қажеті жоқ.

7) «Самұрық-Қазынаны» да трансформациялайтын кез келді. Бұл компанияны бәсеке ортасына тездетіп жіберу керек. Бюджеттің масылдары. Күндері біздің көпбалалы аналардан да төмен.

8) Министрліктер мен ведомстволардың территориялық құрылымдарын қысқарту өзекті. Бюджеттің қыруар бөлігі соларға кететіні белгілі.

Еліміздегі меншік мәселесін қайта қарау керек. Бізде халықтың 95%-і меншіктен жұрдай, оларды еліміздің қоғамдық игілігінің бір «пұшпағына» ие болуға жағдай жасау керек. Кіші, ұсақ меншік иелерін құрастырып, тәрбиелеу өте маңызды Онсыз, елімізде әлеуметтік тыныштық, тұрақтылық болмайды.

Бұл іс-шаралар – бастапқы аспект.

Вирустан кейінгі әлеуметтік ландшафты өзгерту өте терең және жан-жақты өзгерістерді талап етеді.

Facebook-тегі  парақшасынан  алынды.

Фото: spik.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: