Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бос креслоның иесі Ильин шығар…

30.04.2020, 15:17 743

Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттық мансабын аяқтап, өзін жаңа қырынан көрсеткісі келетіндігін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, жақында Илья Ильин Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескен еді. Кездесу туралы зілтеміршінің өзі:

– Спорттағы мансабымды тамамдайтын уақыт келді. Енді мен өзімді басқа салада көрсеткім келеді. Сол саланың бірі – спорттық менеджмент. Мен қызылордалық болған соң өз өңіріме және ел спортына біраз дүние бере аламын, – дейді.

Жасыратыны жоқ, бүгінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кадрлық ауыс-түйістерді бастап кетті. Күні кеше ғана облыстық білім, жастар саясаты мәселелері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларын тағайындаған еді. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орны әзірге бос тұр. Мүмкін, сол креслоның иесі Ильин шығар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: