Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балжан Шәменова басқа қызметке ауысты

25.05.2022, 11:35

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында орынбасары Балжан Шаменованы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі жауапты қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда аймақ басшысы қарымды қаржыгер Балжан Шаменованың аймақ үшін жасаған игілікті істерін атап өтіп, өңірдің дамуына қосқан еңбегі үшін «Құрмет» грамотасын табыстады.

– Балжан Мөрәліқызы 2021 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді. Тағайындалған уақыттан бері оның бастамасымен бірқатар келелі мәселелер өз шешімін тапты.

Әсіресе, әлемді жаулаған пандемия кезінде білім, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары салаларының көрсеткіштерін тиісті деңгейде ұстап қалуда табандылық танытып, аянбай еңбек етті.

Айрықша атап өту қажет, Балжан Мөрәліқызы ковидпен күресте, оның алдын алуда вакциналау жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуіне белсене қатысып, кеселді жеңуде табандылық танытты. Әрбір теңгенің тиімді және бюджеттің орнықты жұмсалуында Балжан Мөрәліқызының дара қолтаңбасы бар.

Балжан Мөрәліқызы тек өңірдің емес, республика деңгейіндегі экономика саласының білікті майталманы ретінде бюджет қаржысының мақсатты бағытталып, тиімді жұмсалуына атсалысты, – деді Н.Нәлібаев.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Наурызбай Байқадамов пен қаржыгерлер атынан сөз алған Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов Балжан Мөрәліқызының қаржы саласындағы қолтаңбасын айрықша атап өтіп, оның іскерлік қабілеті мен ұтымды менеджер екенін тілге тиек етті.

Басқосу соңында Балжан Шаменова әрдайым жастарға қолдау көрсетіп, орын беру қажет екенін және әділетті түрде шешім қабылдағанын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: