Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімінің келелі кездесуі жалғасуда

19.08.2022, 10:20 674

HALYQLINE.KZ Кеше Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Ақмая, Тұран, Жиделіарық, Еңбекші ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында ауыл халқы тарапынан жаяу жүргінші жолын салу, жұмыспен қамту, көшелерді жарықтандыру мен асфальттау, ауыз су және аяқ сумен қамтамасыз ету, мал жайылымына қатысты мәселелер көтерілді.

Аудан басшысы Нұржан Сәбитұлы әрбір көтерілген мәселеге жауап беріп, алдағы уақытта аталған ұсыныстар кезең-кезеңімен шешілетіндігін атап өтті.Тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне қысқа мерзімде мәселелерді бақылауға алып, қажетті құжаттарды дайындап, заң талаптарына сәйкес шешілуін тапсырды.

Келелі кездесудің соңында ауыл ақсақалдары аудан басшысына ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: