Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-та бір тәулікте 1200 адам көз жұмды

02.04.2020, 9:57 324

Америкада соңғы бір тәулік ішінде 1243 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл – індет тарағалы бергі ең жоғары әрі сұмдық көрсеткіш.

Бұл мәлеметті Джон Хопкинс университетінің мамандары ел билігінің ресми ақпараты және ДДСҰ деректерінің негізінде жасап шықты деп хабарлайды Trend басылымы.

Ақпаратқа сәйкес, өткен тәулік ішінде COVID-19 дертінен 1243 адам қайтыс болған. Сәрсенбі күні кешке АҚШ-та жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 215 417 адамға жетті. Қайтыс болғандар – 5116 адам.

Бұған дейін ең көп адам шығыны болған оқиға Италияда тіркелген еді. Бір тәулік ішінде (27 наурызда) бұл елде 969 адам көз жұмған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: