Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Апта ағымындағы айшықты жаңалықтар

25.09.2023, 10:25 210

Өткен апта мәдениет пен спорт саласы бойынша қанжығамызға айтулы додалардың жүлдесі түскен апта болды. Олай дейтініміз, Жалағаш ауданында Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы аясында өткен Республикалық жыр мүшайрасында жерлесіміз Дүйсенбек Аяшұлы Бас жүлдені иемденсе, жас әрі талантты ақынымыз Мақсат Дауылбай жеңістің 3-орыннан көрінді.

Ал, аталған мерейтой қарсаңында Қазақ күресінен түйе палуандар арасында өткен турнирде балуанымыз Еламан Ерғали жеңімпаз атанып. “Алтын белбеуге” ие болды.

Тағы бір жағымды жаңалық, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен ХХV “Аймақты әнмен тербеген” атты өнер фестивалінде жерлесіміз, жыршы Марат Сүгірбай “Дәстүрлі ән” жанрының Бас жүлдесін иемденді.

Күні кеше, мерейіміз тасыған үстіне тасып, Сәтбаев қаласының 50 жылдық мерейтойына орай өткен “Кен қазған құтты мекенім” атты республикалық ақындар айтысында Мейірбек Сұлтанхан Бас жүлдені, Мұхтар Ниязов 2-орынды иемденді.

Ал, спорт бойынша аптаны Қытайда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында дзюдошы жерлесіміз Мағжан Шамшадиннің қола жүлдесі түйіндеді. Алдағы додаларда да жүлделі жолымыз жалғасын тауып, Сыр мақтаныштарының абыройы арта берсін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: