Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аппараттық мәжілісте жұмыс нәтижесі тыңдалды

23.01.2024, 23:00 353

Мәжілісте Жалағаш ауданы әкімінің тапсырмасымен ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін орындауы, қызметтік құжаттардың қаралуы мен өтуі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау, құқықтық актілерді қабылдау, құжат айналым жүйелерімен жұмыс жасау, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, азаматтарды әскери қызметке шақыртылуы және мемлекеттік қызмет көрсетуді зерделеу мақсатында 2024 жылғы 8 қаңтардағы №14 өкімімен құрылған жұмыс тобының зерделеу жұмыстарының нәтижесі тыңдалды.

Бұл ретте, аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауылдық округ әкімдері, орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды 1 ай мерзімде қалпына келтіріп, аудан әкімі аппаратына жазбаша ақпарат жолдауды тапсырды. Қалпына келтірілген кемшіліктерді зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2 айдан кейін жұмыс тобының қайтадан ауылдық округтерге шығуын қамтамасыз етілетін болады. Жойылған кемшіліктерді тексеру барысында тағы да кемшіліктер анықталатын болса, әкімдерге де жауапты мамандарға да тиісті шешімдер қабылданады.

Аудан әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін ауылдық округтерге бақылау күшейтіледі. Аталған кемшіліктердің мерзімінде жойылуын, қалыпқа келтірілуін қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта жұмыс тобы Жалағаш кенті әкімі аппараты мен дербес бөлімдерге де зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: