Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ мерейін асырған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті

12.12.2023, 17:05 240

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен аптада Астана қаласындағы маңызды іс-шараларды ұйымдастырған әріптестеріне алғыс білдіріп, марапаттады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы уақытпен санаспай, жұмылып еңбек еткен азаматтардың арқасында баспасөз коференциясы мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері жоғары деңгейде өткеніне ерекше тоқталды.

«Желтоқсанның 7-сі күні республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте Президент тапсырмаларынының орындалуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадық. 9 желтоқсанда «Бейбітшілік және келісім» сарайындағы «Сұлу Сырдан – Ару Астанаға» атты гала концертте астаналықтарға, елордада тұратын жерлестерімізге елдің шығармашылық сәлемі тарту етілді. Гала концерт жоғары деңгейде өтті. Күннің суығына қарамастан қаншама адам «Бейбітшілік және келісім» сарайына кірудің мүмкіндігін іздеп, біраз уақыт сыртта күтті. Халық Сыр өнерпаздарының шығармашылығын сағынған екен. Гала концерттің әр нөмірін үлкен қошеметпен қарсы алды. Көрермендер өнер шеберлерін сахнадан жібермей, ерекше қолдау көрсетті. Өңірдің мерейін асырған қос шара – брифингке, мәдениет пен өнер күндеріне астаналықтар, Президент Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жерлестер оң бағасын берді. Елорда төрінде елдегі ағайынның ыстық ықыласын, қолдауын сезіндік», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында аталған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұжымдар мен азаматтар марапатталды. Іс-шара соңында аймақ басшысы келер жылы наурыз айында Қызылорда облысының Өнер күндері Алматы қаласында да өткізілетінін хабарлады. Оған дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын қазірден бастап пысықтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: