Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіқалықованың көңілі неге толмайды?

06.04.2020, 12:53 1027

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы коро­навирус індетінің таралуына орай жедел штаб отырысын өткізді. Онда аймақ басшысы былай деді.

 — Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарға көңілім толмайды. Бүгіннен бастап коронавирус індетінің алдын алу бойынша жедел штабты өзім басқарамын. Сондықтан облыс әкімінің аппараты, қала және аудан әкімдері сіздерден төтенше жағдай мерзімінде тәулігіне 24 сағат жұмыс екендігін ескерткім келеді. Әріптестер жағдайды біз әлі толық түсінбей отырмыз. Сондықтан бұны мойындау керек. Телефон қосулы болып, жедел әрекетке дайын болыңыздар.

Қызылорда қаласында коронавирус инфек­­циясымен тіркелген науқастардың кө­беюі­не байланысты қала әкімдігіне 200 млн теңге қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылсын. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы аймақтағы ірі компаниялардың барлығы жұмысшыларын өз қаражаты есебінен коронавирусты анықтайтын тесттен өткізуіне ықпал жасасын. Коронавирус індеті анықталған жағдайда жергілікті жердегі тұрғын үйлер мен ауылдарда карантин ережелерін қатаң сақтасын. Полиция қызмет­керлерімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің арасында өзара нақты байланыс жоқ. Оған дәлел, Қызылорда облысында тіркелген екінші науқас туралы ақпарат республикалық сайтқа 29 наурыз күні сағат 9-да жарық көрсе, облыстық өңірлік коммуникациялар қыз­метінің брифинг орталығында тек 12-де жа­рия­ланды. Оперативті түрде бұны жеткізіп тұруымыз керек. Интернет бар, сайттар бар. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Тұр­ғындардың түрлі келеңсіз талқылауынан кейін журналистер нақты ақпаратты 3 сағаттан кейін ғана алуға мәжбүр. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланған. Қаулының мәтіні түсініксіз. Қарапайым тұрғындардың оқуына өте ауыр. Құжатта қателіктер көп.

Азық-түлік мәселесіне байланысты біз осы жерде тағы қарайық. Үкіметпен сөйле­сейік. Көрші облыспен сөйлесейік. Қандай мүмкіндіктер барын.

Жол картасы болады. Әр ауданға өзінің бөлінген лимиті бар. Менің ескертетінім, бір тиын шашау қыл­май, ешқандайда жемқорлыққа жол бермей, халыққа тиімді жететін болсын. Қазір халық қарап отыр. Ең басты мәселе — отбасын асырау. Сондықтан, бұл жерде халықты ашуландырмай, «ақша түсті», «көп ақша қолымызға тиді» екен демей соны әрбір азаматқа жеткізетін болайық.

Пікірлер:
  • Облыс әкімі Г Әбдіқалықованың короновирусқа байланысты өткізген отырыста жасаған талдауын оқыдым өте дұрыс пікір айтқан екен.Қәзіргі таңда кез-келген істе бейқамдыққа жол бермей жұмысты тиянақты атқару керектігіне тоқталған.Облыстың бас санитар дәрігерінің халыққа түсініксіз ақбары айтылған өте орынды.
    Бүкіл әлемге жайылып отырған індетке бейқам қарамауға шақырып отыр.Расында Сыр елінің халқы өзімізді де өзгенің де өміріне нұқсан келтірмейтін.үйде болайық себепсіз шықпайық.
    Ауруларды емдеп жатқан ақ халатты абзал жандар сыздерге адалдық,мейірімділік,біліктілік,қарапайымдылық,сәттілік жандарыңызға серік болсын!
    Дәрігерлер қауымына мың алғыс айтамын,қиын жұмыстарыңызға үлкен абырой тілеймін.

  • Облыс әкімінің ойы және айтқаны өте орынды. Енді сол бөлінген қаражатты коррупциялық бағытға алып кетпей таза, әділ халыққа барынша пайдасын тигізу керек! Жол-жолдан барынша таласып тармасып жей бермей, осындай қиын қыстау жағдайда осыны да пайдаланып қалмаса екен әр шенеунік!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: