Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіқалықова бірқатар нысандарды аралады

30.04.2020, 20:38 2076

HALYQLINE.KZ –| Бүгін облыс әкімі Г.Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен өңір басшысы «Сыр-ана» монументі аумағын қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарымен танысты. 

Бұл жұмыстарды «Техоснастка Ремсервис» ЖШС мекемесі жүргізуде. Алдағы жоспар бойынша екі спорттық ойын алаңы салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

«Сыр ана» монументі

Мұнан кейін облыс әкімі Г.Әбдіқалықова Рәміздер алаңы мен Тұңғыш Президент саябағының арасындағы Демалыс және денсаулық паркі құрылысының жұмыстарын көрді. Демалыс паркінің құрылысын «Бақ-Береке2030» ЖШС өткен жылы қыркүйек айында бастаған.  Жоспар бойынша 10,4 мың м2 көгалдандыру, спорттық ойын алаңдары, түнгі жарықтандыру мен  аяқ су каналы, саябақты қоршау жұмыстары жүргізілмек.

Жолаушылар тасымалының сапасы және қоғамдық көліктердің бүгінгі жағдайымен танысу мақсатында облыс әкімі «Қызылорда автобус паркіне» барды. Облыс орталығындағы  тасымалдау сапасын жақсарту және қоғамдық көліктердің жұмысын жүйелі басқару мақсатында 2013 жылы «Қызылорда автобус паркі» ЖШС құрылған.

«Қызылорда Автобус паркі»

Бүгінге дейін автобус паркі 122 жаңа автобустармен толықты. Оның ішінде 112 үлкен автобус қала ішіндегі 6 әлеуметтік маңызы бар бағытта сыйымдылығы аз қоғамдық көліктерді ауыстыруға мүмкіндік берді. Бұдан өзге 26 бағыт бойынша  514 жеке тасымалдаушылармен келісім негізінде қызмет көрсетіледі.

Ағымдағы жылы Теміржол паркі мен Тағзым алаңына да  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осы нысандармен бірге өңір басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен 3000 демалушыларды бір мерзімде қабылдауға мүмкіндігі бар Орталық қалалық мәдениет және демалыс паркін абаттандыру жұмыстарының барысын көрді.

Облыс орталығын абаттандыру жұмыстары аясында 2020 жылы 2,5 шақырым аумақты  көгалдандыру жоспарлануда.

«Саябақтарды қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары сапалы әрі уақтылы жүргізілуі тиіс. Әсіресе, қалалық мәдениет және демалыс саябағы қызметінің маңыздылығын атап өткім келеді. Карантин аяқталысымен бұл демалыс орны жұмысын бастайды. Сондықтан, бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігін ескеру қажет», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: