Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу қашан қосылады?

06.10.2026, 10:05 30

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет отырысында өңірлердің жылу маусымына дайындығын баяндады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда жылу маусымы 11 өңірде басталды. Қазан айының ішінде ауа райына байланысты жылыту маусымы қалған өңірлерде кезең-кезеңімен басталады.

Сондай-ақ барлық жылу көзі күзгі-қысқы мезгілге кіру үшін жеткілікті қажетті жабдықтармен, отын қорларымен қамтамасыз етілген.

– Энергия көздерінің қоймаларында отынның нормативтік қоры жасақталған. Жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты Семей қаласының орталық жылу пунктерінде жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі кешіктірілді. Соның салдарынан жылу беру үшін дайындық 5 қазанда қамтамасыз етілді. Осы ретте Абай облысының әкімдігі қаланың барлық тұтынушысына жылу беруді аяқтауы қажет, – деп айтты вице-премьер Үкімет отырысында.

Жалпы республика бойынша жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Үкімет мүшесі бұл жұмыс бақылауда болатынын айтты.

Фото: BAQ.KZ/ Арман Мухатов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: