Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу беру маусымы: Өрт қауіпсіздігін сақтау – өте маңызды

28.10.2023, 20:00 137

Бүгін қала көлемінде «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» аясында тұрғын үй секторында өрттің болуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Қала тұрғындарына «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Газ және электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Көмірқышқыл газы адам өміріне қауіпті», «Жағылған қоқыстарды бақылаусыз қалдырмау», «Сіріңкелер балаларға арналған ойыншық емес», «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Жылыту маусымында өрттің негізгі себебі – жылу жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу. Қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы сіздің өміріңізді сақтап, өртті болдырмауға сеп болады.

Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады және жағылған пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Ал, тұрмыстық газ қондырғыларын ережеге сай орнатып, пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтаған жөн. Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеу қажет (бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады). Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары! Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары орын алған жағдайда «101» немесе «112» телефонына хабарласу керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: