Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүз жастағы рекордшы

30.04.2020, 22:00 460

HALYQLINE.KZ –| Жасы 100-ге келген Томас Мур есімді британдық соғыс ардагері еліндегі медианы «жарып» жатыр. Ол «туған күніме дейін үйімді 100 рет айналам, сөйтіп халықтан 1 мың фунт жинап, оны вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге жіберемін» деген. Бірақ, 2 аптада елден 30 млн фунт жиналыпты.

Ал 28 сәуір оны 100 жасымен құттықтаған 120 мың құттықтау хаты келіп түсіпті. Томас ақсақал бірнеше күн бұрын тенор Майкл Болл және бір топ дәрігермен «You’ll never walk alone» әнін орындаған. «Ливерпуль» клубының әнұраны. Ол ән Британияда хитқа айналып, 82 мың копиясы сатылды. Хит парадты басқарған ең егде британдық ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. «Бәрі дәрігерлерге көмектесем» деген ниетінен басталды.

Нұрмұхаммед БАЙҒАРА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: