Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол сапасын жақсарту – басты міндет

29.11.2024, 11:45 257

Бүгінгі күні республикалық желіде 1 244,5 шақырымды құрайтын 10 жоба болса, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы арқылы 368 рет жолға шығу тіркеліп, 1605 сынама алынып және 24 ақау анықталған.

Бұның ішінде, 5 жобаға қайта жаңғырту жүргізіліп жатса, 2 жоба орташа және 3 жобада күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Барлық алынған сынаманың 194-і, яғни 12 пайызы стандартқа сәйкес болмаған болса, бүгінгі күнге 89 сынама толықтай қайта қалпына келтіріліп, қалған сынамаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы 24 ақау анықталған болса, оның 22-сы қалпына келтірілген. Нәтижесінде, жолдың негізгі қабаты 14 352 м2, асфальтобетон жамылғысы 3 914 м2, инертті материалдар 25 м3 қайта қалпына келтіріліп, шығын көлемі 105,6 млн теңге қаржыны құрап отыр.

Биылғы жылы, ұзындығы 42,3 шақырымды құрайтын 8 облыстық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Филиал тарапынан 127 жолға шығу тіркеліп, 660 сынама алынған. Алынған сынамалардың 139-і стандартқа сәйкес келмей, 21 пайызды құрап отыр.

Жалпы жүргізіліп жатқан 5 құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары болса, қалған 3 жобасы – күрделі жөндеу жұмыстары. Аталған жұмыстардан барлығы 25 ақау анықталып, бүгінгі күні 19 ақау қайта қалпына келтірілген. Нәтижесімен, негізгі қабат 970 м2, асфальтобетон жамылғысы 1 389 м2, инертті материалдар 1790 тн қайта қалпына келтіріліп, шығын көлемі 13,7 млн теңге қаржыны құрап отыр.

Қалаішілік жолдар бойынша 55 көшеге 155 рет жолға шығу тіркелген. Алынған 498 сынамалардың 117 сәйкес болмай, 23 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, жолдардан 12 ақау анықталып, бүгінгі күнге тек 5 ақау қайта қалпына келтірілген.

Филиал тарапынан Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына 7 жолдама жолданған болса, оның 4-еуіне теріс жауап алынған, 3 жолдама нәтижесімен өз жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін, техникалық қадағалаушы 360 МРП (1 321 120 тг) көлемінде айыппұл салынып, 6 айға лицензиясы тоқтатылды.

Сондай-ақ, мердігер мекеме ұйымына 200 МРП (738 400 тг) көлемінде айыппұл, жергілікті бюджетке өндірілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: