Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалып кеткен 7 жастағы бала табылды

02.12.2020, 10:15 492

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында полицейлер күннің суығында 6 сағаттан бері үйінен шығып кеткен 7 жастағы баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы 01 желтоқсан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қала тұрғыны сағат 14:30 шамасында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы үйінен ойнауға шығып, кешке дейін қайта оралмағаны туралы хабарлама берді. Аталған хабарлама бойынша Қызылорда қаласы ПБ-ның жеке құрамы құлақтандырылып, жедел іздестіру шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде, сағат 20:00 шамасында қала көшелерінің бірінде тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген жерінен жасөспірім патрульдік полиция қызметкерлерімен табылып, анасына тапсырылды.

Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлерімен анасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Табылған баланың ата-анасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне жедел түрде атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: