Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жатақхана тұрғындарының ұсынысы шешімін тапты

01.04.2022, 11:30 243

HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлерді әрдайым ескеріп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілуін назардан тыс қалдырмайды.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Әйтеке би кентіндегі көне ауруханада орналасқан жатақханада кәріз жүйелері жаңартылып, ғимарат ішіне әжетханалар орнатылды. Сонымен қатар, қол жуатын раквиналар қойылды.

Жатақхана тұрғындары өздеріне қолайсыздық тудырған жайт туралы өткен жылы аудан басшысымен кездесуде айтқан болатын. Бұл күнде бұл мәселелер шешімін тапты.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен өткен кездесуде жатақхана тұрғындары халықтың өтініш-тілектерін жерде қалдырмай, игілікті іс жасағаны үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Тұрғындармен тілдескен соң Мұхтар Әуесұлы жатақхананы аралап, орындалған жұмыстарды көрді. Тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме директорына құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар ескертпелер жасап, тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: