Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанқожа батыр бабамызға арналған сенбілік

15.04.2024, 18:20 241

HALYQLINE.KZ

Жанқожа  батыр  бабамызға  –  250  жыл

Бір Алланың құлымыз,

Ер Қазақтың ұлымыз.

Намыс жолда тігілген,

Аспан түстес туымыз.

Дақ шалмаған тұнығын,

Асып туған сынығым.

Батыр бабам Жанқожа –

Бастау көзі жырымның.

Өткенде айтқанымыздай, Қазалы ауданы орталығындағы әулие әрі батыр Жанқожа бабамыздың кесенесінде баба ұрпақтары тазалық жұмыстарын онан әрі жалғастыруда. Бүгін, яғни, 14 сәуір күні бір топ азамат баба кесенесінде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Сенбілік барысында кесене аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, арықтар тазаланып, қураған ағаш бұтақтары кесіліп, қоқыстар арнайы орынға шығарылды.

Сондай-ақ, 1992 жылы Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округі Ақбай ауылы аумағындағы әулие әрі батыр Жанқожа бабамызға республика көлемінде ас берілгені баршаға мәлім. Бүгін баба ұрпақтарының бір тобы сол тойда орнатылған ұзындығы 24 метрлік еңселі қақпаны қайтадан сырлап, жаңартты.

Игілікті іске атсалысқан барша ағайынға Алланың нұры жаусын!

Жұмабек  Табынбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: