Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жылға бюджеттен ақша бөлінбейді

22.12.2020, 14:30 424

HALYQLINE.KZ Қызылордада жаңа жылдық мерекеге орай отшашу болмайды. Дәстүрге арналған шараға бюджеттен қаржы мүлдем қарастырылмаған. Сондай-ақ, қысқы мейрамның сән-салтанатын аша түсіп, жалт-жұлт етіп көздің жауын алатын безендіру жұмыстарына да бір тиын бөлінген жоқ.

Жыл ауысар тұстағы басты нышан – қаланың бас шыршасы орталық алаңға 25 желтоқсанда орнатылады. Бірақ ертегілер еліне еліктірер ғажайып мейрамның басты белгісіне баланатын жасыл шырша маңында жылдағыдай думанды кеш ұйымдастырылмайды. Әдеттегідей алаңда жергілікті өнерпаздар концерті де өтпейді.
Биліктегілер «қала көшелеріне бұрын алынған тақырыптық көрнекі құралдарды қоямыз» деп отыр. Сондай-ақ ұжымдық жиналу шараларына рұқсат етілмейді.

Асқарбек Есжанов, қала әкімінің орынбасары:

– Пандемия басталған кезеңде 2020 жылдың наурыз айынан бергі мерекелік шараларға бөлінген қаржыны біз мәдениет бөлімінен алып, басқа әлеуметтік қажеттіліктерге қарай бағыттадық. Дегенмен, елдің еңсесін көтеруге, халықтың мерекені сезінуге жағдай жасау үшін біз бұрын алған қажеттіліктерді орнататын боламыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: