Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа қаулы қабылданды, қандай өзгерістер бар?

30.04.2021, 17:45 1545

HALYQLINE.KZ «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеу өлшемшарттарын белгілейтін жаңа Қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес: Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін,

Сауналар сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, жексенбі күні қызметін тоқтата отырып жұмыс істейді,

СПА-орталыктар, бассейндер қалыпты режимде.

Йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-клубтары қалыпты режимде,

Театрлар, филармониялар, концерт залдар қалыпты режимде,

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары толтырылуын 50%-дан асырмай сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін,

Боулинг клубтары толтырылуын 50%-дан асырмай сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат.

Қызылорда облысының тұрғындары және қонақтары келесі талаптарды сақтауы тиіс:

бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;

қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға рұқсат берілмейді.

Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: