Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа көпір ел игілігіне берілді

17.12.2023, 15:35 318


Тәуелсіздік мерекесіне орай бүгін Қызылорда қаласында «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол айырығына салынған жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов, қала әкімі Асылбек Шаменов қатысып, сырбойылықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтады.

– Мереке қарсаңында облысымызда әлеуметтік маңызы бар жаңа нысандар ашылып, тұрғын үйлер, жаяу жүргіншілер көпірлері халыққа пайдалануға берілуде. Міне, бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында жол айырығына салынған жаңа көпір ел игілігіне табысталмақшы. Жаңа көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен – 5,7 млрд теңге қаржы бағытталды. Бұл көпірдің басты қызметі – Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігіндегі халықаралық маңызы бар автокөлік трассасын қауіпсіз және үздіксіз көлік ағымымен байланыстыру. Аталмыш нысанның бас мердігер мекемесі «Bazis Construction» ЖШС-не барша облыс тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – деді Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды. Ал «Қызылжарма» каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі.

Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол астынан өтетін автожол құрылысы басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: