Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа аллея ашылды

13.04.2021, 12:15 507

HALYQLINE.KZ Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай Тағзым алаңында Тексеру комиссиясының аллеясы ашылып, 70-тен астам көшет отырғызылды.

Біздің негізгі мақсатымыз – елімізді көркейту, гүлдендіру, көгалдандыру. Біз соған үлесімізді қосып жатырмыз.

Қаламызды көгалдандыру – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, – деп есептейді тексеру комиссиясының қызметкерлері. Аталған іс-шаралар қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайтынын айтып өткен жөн.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы ретте, тексеру комиссиясымен бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Туған жеріміздің табиғатына қорған болып, көркейтіп, жасыл желек пен гүлге орап, бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі көрсетіп, осындай игі істерімізбен мәңгі өшпестей жарқын із қалдырсақ дейміз.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: