Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалғыздық жайында әлем ойшылдарының сөзі

25.07.2026, 7:30 28

HALYQLINE.KZ

Кім болса, сонымен араласып, дос болғаннан гөрі, жалғыз қалған артық.

Омар Хаям

***

Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады.

Артур Шопенгауэр

***

Жалғыздық тек Құдайға жарасқан.

Фрэнсис Бэкон

***

Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады.

Артур Шопенгауэр

***

Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді.

Артур Шопенгауэр

***

Дана адам көпшіліктен гөрі жалғыздықты сүйеді, өз-өзімен болғанды ұнатады.

Апшерони

***

Өзіңді түсінбейтін адамдардың қасында болудан артық жалғыздық жоқ.

Шэрон Стоун

***

Адам жалғыз қалған кезде ғана өзіне анық зер сала алады.

Анжелика Миропольцева

***

Жалғыздықтың адамға пайдасы көп. Бірақ шектен тыс ұзақ жалғыз қалған адам зиян шегуі мүмкін.

Люк де Клапье Вовенарг

***

Ең жаман жалғыздық — жүректің жалғыздығы.

Пьер Буаст

***

Жалғыздықтың ең жаманы – шынайы достарыңның жоқтығы.

Фрэнсис Бэкон

***

Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу – дарын.

Бернард Шоу

***

Кез келген жан өз-өзін белгілі бір деңгейде жалғыз сезінеді.

Габриэль Гарсия Маркес.

Әсел Айымбеттің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: