Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта егінге алғашқы орақ түсті

26.08.2020, 16:40 708

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов Таң ауылындағы «Таң ЛТД» ЖШС-ның егіс алқабында бірқатар ірі шаруашылық құрылымдарымен кездесіп, егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

Шара барысында Асылбек Өмірбекұлына ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері таныстырылды.

Жалпы биыл аймақта барлығы 36 731 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 21 600 гектар.

«Күріш – біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе – осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Бұл үшін барлық жағдай бар. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Биылғы егін жинау науқанына барлығы 994 дана техника қатысады», – деді Асылбек Шаменов.

Сонымен қатар, аудан басшысы сала еңбеккерлерімен кездесіп, ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылы 1912 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Былтыр серіктестіктің диқандары күріштің әр гектарынан 76 центнерден өнім алған.

Шаруашылық тек күріш егіп ғана қоймай, мал азығын да өндіріп келеді. Құрылымда 115 адам тұрақты жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: