Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз аңшы мылтығын тасымалдаған тұрғындар ұсталды

02.04.2021, 17:30 289

HALYQLINE.KZ 29 наурыз күні Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Бекбауыл елді мекені аймағында «ВАЗ 2107» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, 13 дана құстар, 2 заңсыз аңшы мылтығы және 25 дана оқ алынды.

Оқиға орнында екі азамат анықталды. Олар еш жерде жұмыста жоқ, аудан тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда құқықбұзушыларға катысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) хаттама толтырылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: