Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмысқа тұрғызып беремін» деп…

16.11.2020, 16:45 498

HALYQLINE.KZ  15 қараша күні қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған.

Осы жылдың қазан айында танысы сеніміне кіріп «медициналық жедел-жәрдем станциясына фельдшер қызметіне» күйеу баласын жұмысқа тұрғызып беремін» деп 200 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшасын да қайтармаған.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: