Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ЖҰМЫСҚА ТҰРҒЫЗЫП БЕРЕМІН»: алаяқтар алдап кетті

15.10.2020, 11:10 470 0

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге бейім халықта жұмысқа орналас­у үшін оңай жолды іздеп, «ақшасын берсем топ етіп жұмысқа тұрып кетемін» деген түсінік қалыптасқаны жасырын емес. Бармақ басты, көз қыстының­ кейпін танытып, «таныспен жұмысқа тұрамын» деп, опық жеп жүргені де бар. Жұмыс табу үшін «барын» беретін «қараңғы» жұрттың мұнысына­н  хабардар алаяқтар  жұмысқа тұрғызамын деген­ желеумен талайды­ сазға отырғызып үлгерді. Карантин уақытында олардың саны көбейіп, қарапайым  халықтан  миллиондарды  жымқыруда.

Соңғы жылдары алаяқтық елімізде белең алып кетті. Елдің түкпір-түкпі­рінде солардың кесірінен опық жегендер саны өсіп жатыр. Оңай жолмен ақша табуға «ниеттілердің» арасында Қызыл­орда облысыны­ң тұрғындары да жоқ емес.

Бір факт. Өңіріміздің 35 жастағы тұрғыны «Атырау қаласындағы мұнай компаниясына туысқандарыңды жұ­мыс­қа орналастырып беремін» деген желеумен қала тұрғынынан анау-мынау емес, 13 миллион теңгеден астам ақшасын алдап алған. Аз уақытта «мил­лио­нер» атанған алаяқ көп ұзамай құрықталды. «Жеңіл ақша тауып, байып­ үлгер­дім» деген күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан Республика­сы Қылмыстық кодексінің 190-бабының  4-бөлігі бойын­ша (алаяқтық) сот­қа дейінгі тергеп­-тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда­ оқиғаның мән-жайы анықталуда екен. Бұл туралы Қызыл­орда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Қылмысы расталған жағдайда мүлкi тәркi­ле­нiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мер­зiмге бас бостан­дығынан айырылуы мүмкін. Бүгінде алаяқтық қылмыстарының алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізіп, осы бағытта тиісті іс-шаралар атқарылуда. Полицейлер тарапынан облыс­ тұрғындарына  алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде. Осы мақсатта халыққа қызмет көр­сету орындары мен базарларда, сауда орталы­қтарында плакатт­ар жапсырылып, жаднамалар тараты­луда. Алайда алдамшының арбауы­на түсіп, алданып қалғандар әлі де бар. Қыруар қаржыны қалтасына басып­, боскеуделердің арқасынд­а байып­ қалуды көздегендер саны мұнымен  тоқтамайды.

Тағы бір факт. Жұмысқа тұрғызамын деп тақырға отырғызған келесі кейіпкеріміз де – Қызылорда  облысының 55 жастағы тұрғыны. «Қазақмыс мекемесіне балаңды жұмысқа орналастырып беремін» деп қала тұрғынынан 7 мил­лион теңгеге жуық ақшасын алдап ал­ған. Бүгінде күдікті ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүр­гізілуде. Қазіргі таңда бұл оқиғаның да мән-жайы анықталуда. Егер де қыл­мысы  расталған жағдайда мүлкi тәркi­леніп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығы шектелуі немесе­  сол  мерзiмге бас бостандығынан­ айырылуы  бек мүмкін.

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына алаяқ­тардың  құрбанына  айналмас  үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары  кепілдік  кіріс  уәделе­ріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компания­ларға тапсырмау керектігін ескертеді. Аталған ескертпелерді орындаған жағ­дай­да өзіңізді алаяқтардың арбауы­нан сақтай аласыз. Сонымен қатар, осыған ұқсас күмәнді жайттарды кездестірсеңіз, жауапты мекемелерге хабарласқ­аныңыз  жөн.

Пандемия уақытында көптеген жұмыс орындары жабылып, жұмыссыздар  саны көбейгені белгілі. Осыған байланысты ел аумағында алаяқтар саны да күрт өсіп кетті. Алдағы уақытта оларға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, бақылау күшейтіледі. Адамдарды арбап, аз уақытта миллионер болғандар лезде құрықталып, заң алдында жауап беруде. Берекесіз ақшаның бейнетін тартып жүргендер аз емес. Бүтін ел болып бірі­гетін уақытта еңкейгенді шалып, құлағанды  теуіп  жатқанымыз  өкінішті…

Б.ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: