Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдаумен департаменттің жеке құрамы таныс болды

02.09.2020, 16:30 235 0

HALYQLINE.KZ  Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы Қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың әлеуетін, тұрмыс тіршілігін ілгерілетіп жақсартуға бағытталған.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы Қазақстан Республикасы Президентінің ««Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауын департаменттің жеке құрам қызметкерлеріне таныстырып, назарларына жеткізді.

Шаймерден Тәжіқұлұлы Президент Жолдауының басым бағыттары мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Жолдауда Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды болып саналады. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа ие болуы қажет деді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бейнебақылау жүйесін дамыту туралы көп айтылатынын, алайда көп жағдайда құқық қорғау органдарының ғимараттары да бақыланбайтынын айтты. Сол себепті ол пенитенциарлық мекемелерге, полицияның қызметтік нысандарына бейнебақылау орнатуды тапсырды.

Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Департамент бастығы түзеу мекемелерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: