Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жерлесін жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ ұсталды

11.03.2021, 17:00 306

HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 43 жастағы азаматшаны ұстады.

Бұл азаматша 2020 жылдың шілде айында «қызыңды жұмысқа тұрығызып беремін» деген желеумен танысынан 600 000 теңге көлемінде ақша алған.

Алайда уәде берген жұмысына тұрғызбаған азаматша алған ақшасын да қайтармаған.

Сөйтіп, жәбірленуші 10 наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне арызданды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: