Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел бөлімнің жұмысы жеңіл емес

06.10.2021, 15:25 551

HALYQLINE.KZ 5 қазан – ішкі істер органдарындағы жедел бөлім қызметкерлерінің мерекесі. Биыл атаулы күнде қылмыстық іздестіру қызметіне 103 жыл толып отыр.

1918 жылғы 5 қазанда НКВД алқасының шешімімен қылмыстық іздестіру құрылып, қылмыстық іздестіру бөлімдерін ұйымдастыру туралы ереже бекітілді.

Дәл осы күннен бастап олар ресми түрде Заңмен, жабық сипаттағы ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деңгейінде қылмыстың алдын алу мен ашудың жасырын әдістері мен қылмыскерлерді іздеуді, құпия көмекшілермен жұмыс істеп келеді.

Міне, осындай жедел бөлім қызметкерлерінің бірі ЗК-169/1 тергеу изоляторында мінсіз қымет атқаруда. Бұл бөлімде бес қызметкер жұмыс істейді.

Олар бұл салаға ерен еңбегі сіңген ҚАЖ ардагерлері, отставкадағы полковниктер С.Жамуров, Л.Шабаев пен мекеме бастығы, әділет подполковнигі Алмат Жұманұлының салған ізімен аға буынның өнегелі ісін жалғастырып келеді.

Бүгінгі таңдағы бөлім бастығы әділет подполковнигі Қ.Даутбаев басқарған жедел бөлім қызметкерлерінің, мекеме қызметі бойынша аса салмақты орны және өздеріне жүктелген міндеттері бар.

Атап айтқанда, бөлімнің аға жедел уәкілі қызметіне әділет майоры Ж.Абдыкайыров тағайындалса, жедел уәкіл міндетін әділет аға лейтенанты Ж.Рахметов атқарады. Ал осы бөлімдегі ең жас қызметкер, жедел уәкілдің бірі, әділет лейтенанты Ақбай Рамазан.

Біздің қауіп-қатермен байланысты қызметіміз батылдықты, ерік-жігерді, өзін-өзі бақылауды, ақыл-ойдың күшін талап етеді. Олар азаматтардың тыныштығын қорғап, күн сайын қылмысқа қарсы күресті жүргізіп отыр. Қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында, біздің бөлім ішкі істер органдарының озық бөлімшесі болып табылады. Қызылорда облысы бойынша, ҚАЖ саласындағы атқарылған еселі еңбектердің қатарына бөлім қызметкерлерінің де, қосқан зор үлесі бар деп білемін.

Өйткені мұндағы Жедел қызмет жұмысында қиындықты жеңе білетін адамгершілігі мол мамандар қызмет етеді. Иә, жедел бөлім қызметі жеңіл емес. Тергеу изоляторына келіп түскен небір әккі қылмыскерлер мен тергеудегілердің қылмысын ашу және жеке құрам мен ерікті жалдамалылардың олармен заңсыз байланысқа түспеуінің алдын алу мақсатында жұмыс істейтін бұл бөлімнің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: