Оқиға 28 мамыр Қордай ауданындағы полиция бөлімінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының (СОБР) казармасының дәлізінде болған.
Бұл туралы Halyqstan telegram арнасы жазды.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда,1995 жылы туған полицей SIG Sauer тапаншасынан самай тұсына оқ атқан.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны ауыр хәлде аудандағы орталық ауруханаға жеткізген.
Өкінішке қарай, полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болған.
Жамбыл облысының полиция департаменті болған оқиғаны растады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды», – делінген полиция жауабында.
Құқық қорғау қызметкерінің мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!