Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз сақталған заттарды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктерден босатылады

30.06.2020, 12:30 521

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің  2015 жылғы 27 наурызындағы №266  бұйрығымен бекітілген азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция  өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарда заңсызсақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.

Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі  комиссия  құрылды.  

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.         

2019 жылы азаматтардан барлығы 168 өтініш түсіп, 271 дана қару (Қала – 53, Арал – 24, Қазалы – 33, Қармақшы – 23, Жалағаш – 31, Сырдария – 27, Шиелі – 49, Жаңақорған – 31) қабылданып, республикалық бюджеттен бөлінген 13 млн бір жүз мың теңге қаражат толығымен игерілген.

Биылғы акцияға Республикалық бюджеттен 8 млн 150 000 теңге қарастырылған.

Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне  өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: