Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Заң мен тәртіп” қағидаты аясында қоғамдық кеңес мүшелерімен талқылау өтті

28.10.2026, 2:12 33

Жаңақорған ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен талқылау жиыны өтті.

Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Талқылау барысында «Алкогольсіз ауыл» бастамасы да қозғалды. Аталған бастаманың ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңыздылығы атап өтілді.

Осыған байланысты Қоғамдық кеңестің алдағы отырыстарының бірінде «Алкогольсіз ауыл» бастамасын жеке күн тәртібіне енгізіп, оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және тиісті ұсыныстар әзірлеу мәселелерін жан-жақты қарау ұсынылды.

Заңға құрмет – өркениетті қоғамның негізі, ал тәртіп – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: