Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлдарыма әрдайым үлгі болғым келеді»

17.04.2020, 16:05 622

HALYQLINE.KZ –| Тәртіп сақшыларының қызметі төзімділік пен ерік күшін нығайтады.  Қызметкерлер арасында ерекше шығармашылық қасиетке ие тұлғалар өте көп. Олардың бірі – Дәулетов Арыстанбек Қасқырбекұлы. Қызылорда қаласының тумасы. Оның әкесі Дәулетов Қасқырбек Аймағанбетұлы және анасы Мирамкүл Рахмузовна Қызылорда теміржол стансасында көп жылдары еңбек еткен.

«Бала кезімде таңертеңнен бастап анам ыстық бауырсақ пісіріп, кең дастарқанға жиналатынымыз есімде. Әкем мен анам менің бойымда әрдайым адалдық, ашықтық, жауапкершілік сынды қасиеттерді тәрбиеледі», – дейді Арыстанбек.

Арыстанбек жұмыс барысында…

2012 жылы ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда қалалық  Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық тобының мемлекеттік автоинспекторы лауазымында жұмыс атқаруда, аға лейтенант шенінде. Сауатты, жауапкершілігі мол қызметкер. Әріптестері оның қарапайым, адал, жауапты, қиын сәтте көмекке келуге дайын азамат екендігін айтады. Мінсіз қызметі үшін бірнеше мәрте марапатталған. Жұбайы Арманова Аидамен 2013 жылы отау құрған. Аида – облыстық медицина орталығының дәрігері. Арыстанбек пен Аида Бейбарыс пен Әлихан ұлдарын тәрбиелеуде.

Аида жұмыс барысында…

«Мен қызметке келгенімде, отбасылы болдым, екі балам бар еді. Сондықтан жұмыстың, полиция қызметінің жауапты және ауыр екенін біліп жұмысқа тұрдым. Менің ұлдарым – менің өмірімнің мәні, шаршағанда көңілімді аулайтын жандарым. Менің ізбасарларым – осылар. Үлкенім Бейбарыс – 5 жаста. Онымен сөйлесу, ақылдасу өте қызық. Жақсы сурет салып, мені өз жетістіктерімен қуантып отырады. Өзім спортпен шұғылданамын, таңертең жүгіріп, олармен бірге жаттығу жасап, футбол ойнаймыз. Мен ұлдарыма әрдайым үлгі болғым келеді» – дейді Арыстанбек.

 Елімізде жарияланған Төтенше жағдай режимінде Арыстанбек пен Аида күндіз-түні жұмыста. Отағасы патрульдік бекетте тынымсыз қызмет етуде, ал жұбайы Аида медициналық қызметкер болған соң шұғыл шақыртуларға жұмысына барып жатады. Мұндай уақытта балаларға әжесі қарап, оларға көмектеседі.  

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: