Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 465 тұлға тексерілді

29.04.2020, 14:49 376

Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен  профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 465 тұлға тексерілді. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босаған 90 тұлға, формальді қадағалаудағы 30 , бұрын сотты болған 104 , қорғау нұсқамасы шығарылған 95-не, мінез құлқына ерекше талап белгіленген 51, «маскүнем» ауруына шалдыққан 59 тұрғынға, «нашақор» ауруына шалдыққан 15-не және 21 қолайсыз отбасы мекен-жайларынан тексеріліп, олармен профилактикалық мәні бар әңгімесулер жүргізілді.

       Учаскелік полиция инспекторларымен іс-шара барысында 7 тұлға қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынса, 3 тұлғаның мінез құлқына ерекше талап белгіленді.

Іс-шара жоспарына сәйкес барлығы 18 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасы тұрмыстық жағдайда сыйламаушылық әрекеттерін жасағаны үшін)- 5 дерегі, 461-бабымен (қорғау нұсқамасын бұзу)- 3 дерек анықталып, құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде құқық бұзушылық жасауға бейім 50 азаматпен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: