Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғын полицейлерге алғысын білдірді

26.03.2021, 11:45 248 0

HALYQLINE.KZ 17 наурызда Полиция басқармасына ұрлық дерегі бойынша облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да Эдельвейс саяжайындағы үйінің аумағына белгісіз адамдар жасырын кіріп, ұрлық жасаған. Сарайдың құлпын бұзған қаскөйлер, барбекю, 5-6 дана арматура мен есік құлпын қолды еткен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Тасбөгет полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жеткен. Олардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ұры ізін суытпай ұсталды.

Күдікті 1985 жылы туған Қарауылтөбе ауылының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ол ұрланған заттарды темір қабылдайтын орынға өткізіп үлгірген. Тәркіленген заттар заңды иесіне қайтарылды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ол өз ісін толықтай мойындап, күдіктіге қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Арызданушы болса, өз кезегінде полицейлерге олардың жеделдігі үшін өз алғысын білдірді.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: