Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрмедегі танысына есірткі апарған азамат ұсталды

27.07.2020, 9:40 439

 HALYQLINE.KZ Бүкіл әлем халқы, жаһандық індет «Коронавируспен» күресіп жатса, сотталғандардың жақындары түрмеге тыйым салған заттарды әкелуін тоқтатар емес.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында жүрген азамат мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған азаматқа байланысты, дереу 102 нөміріне хабарлап, Қызылорда ҚПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылып, аталған азамат құрықталды.

Ұсталған азаматты тінту барысында оң жақ қалтасынан қағаз қорапқа салынған, «жасыл түсті өткір иісті» заты тәркіленді. Күдік тудырған Н есімді азамат, тыйым салынған затты, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан танысы Е есімді сотталғанға өткізбекші болған.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 20,67 грамм «кептірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: