Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев суррогат ана қызметіне қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

15.07.2026, 15:30 29

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Оған сәйкес, елде енді суррогат ана қызметін некеде тұрған ерлі-зайыпты Қазақстан азаматтары ғана пайдалана алады.

Заңда суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптының міндеттері де нақтыланған. Олар суррогат ананың медициналық тексеру, қосалқы репродуктивтік технологиялар қолдану және қажетті медициналық-генетикалық зерттеулерге байланысты шығындарын өтейді.

Бұған қоса ерлі-зайыпты жұп суррогат анаға бала көтерген, босанған және туғаннан кейін 56 күн ішінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төлейді. Асқыну болған жағдайда бұл мерзім 70 күнге дейін ұзартылады.

Заң қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: