Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темір тордағылар тарихпен танысты

17.03.2021, 11:00 296

Темір тордағыларды түзу жолға түсіріп, қоғамның толыққанды мүшелері етіп оралту үшін, ЗК-169/1 тергеу изоляторында жазасын өтеуші азаматтармен әртүрлі тәрбиелілік бағыттағы іс-шаралар өтіліп тұрады. Соның бірі ретінде бүгін мекеменің АКАӘПТЖББ-нің қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2021 жылғы мәдени-апараттық және ағартушылық іс-шара жоспарына сәйкес, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, тарихшы Б.Ахметбекпен жазасын өтеушілер арасында кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамнан оқшауланып қалған азаматтарды өлке тарихымен таныстыра отырып, олардың бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Республикаға танымал зерттеуші-академик алдымен өзін таныстырып, содан соң, сотталғандарға шаруашылық бөліміне қалдырған тарихи құнды жәдігерлер жайлы айтып түсіндірді. Яғни, Қызылорда облысының аумағындағы тарихи орындар, батырлар мен әулие кісілер , аузы дуалы би-шешендер жайлы тыңнан тауып, зерттеген құнды материалдар жайлы ақпарат берді. Бұған дейін тек жыр сүлейлері арқылы көбірек танылып келген аймақта 500-ге жуық ру батырлары бар екендігін естіп білген олар, өлкетанушы Б.Ахметбектің әңгімесін қызыға, ұйып тыңдады.

Сонымен қатар, өңірімізде 2,5 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар екенін естігенде, Қармақшының С. деген  сотталушы Қорқыт баба ескерткіші жайында әңгімеге үн қосып, өзінің баба ескерткішін барып көргенін, ол туралы аңыз деректерді оқығандығын айтып берді.

Осылайша, тарихтың тәлімді тұстарын танып білген арнайы контигент арасында бұл кездесу қылмысты болған жандардың өлке тарихына деген қызығушылығын тудырды.

Санаулы сағатта айтылған саналы сөздер сотталған азаматтардың санасында ата-баба ерлігіне  еліктеушілік пен дәстүр-салтқа деген ізгі адамгершілік қасиеттерін оятып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырғаны анық.

Раушан Қуанқызы,

 ЗК-169/1мекемесінің аудармашы тіл маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: