Аймақ басшысының тапсырмасымен құрылған жұмысшы топтың рейдтік шарасы бүгін дарияның сол жағалауында жалғасты. Тексеруде абаттандыру қағидаларын бұзған, заңсыз салынған құрылыстар бойынша кәсіп иелері жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте айту керек, сол жағалау шағын ауданының 136, 147, 179 мекенжай қожайындары құрылыс қалдықтары мен құрылыс заттарын өздерінің жер аумағынан тысқары төгіп, төңіректі ластаған. Заң талабына сәйкес, құрылыс қалдықтары қоршауға алынбаған. Нысан иелеріне заң бұзушылықтар бойынша хаттамалар рәсімделді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!