Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

21.02.2020, 17:54 1074

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша негізгі ұстанымын көрсетеді және алдағы жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі векторларын белгіледі: мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшін біріктіріп, бұл құбылыстың түп тамырын жою. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру және оның деңгейін төмендету болып табылатын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.

2018 жылы Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңашыл әдістер мен тәсілдерді енгізумен сипатталатын екінші кезеңі басталды. 2018 жылы 10 қаңтарда Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту мақсатында мемлекеттік органдарда, олардың тұрғындармен және бизнеспен қарым қатынасында үрдістерді цифровизациялау қажеттілігіне аса назар аударды. Бұл мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық құралдар қатарын енгізуіне қуатты серпін берді. 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында қысқа мерзімге арналған келесі нақты міндеттер қойылды.

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында оларды шұғыл электронды форматқа(2019 жылы 80%, 2020 жылы-90%) ауыстыру арқылы мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында тікелей қарым қатынасты азайту.

2. Қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту. Жемқорлықсыз құқықтық мемлекет құру мақсатында 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары заң шығарушылықтан заңдарды мүлтіксіз сақтауға және тиісті құқықты қолдану тәжірибесіне, құқықтық қорғау кепіліне сенімсіздіктен мемлекеттік билік институттарына, тәуелсіз және әділ сот жүйесіне жоғары сенім деңгейіне, жазаланудан жемқорлыққа әрекетін жасау мүмкіндігін болдырмауға, құқықбұзушылықтарға толеранттықтан, «мүлдем төзбеушілікке», әсіресе жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікке, құқықтық мәдениет пен азаматтардың құқықтық санасын дамытуға сынды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл парадигмасының ауысуын белгілейді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық қойылған міндеттер мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарларында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға араналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ұстанымдарын кезеңдеп жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын орындау арқылы қамтамасыз етілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен 67 іс-шара көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен оның жүзеге асырылуына қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылған Арнайы мониторингтік тобымен сыртқы бағалау қарастырылған. Аталған міндетті орындау үшін 2018 жылы мониторингтік топ еліміздің барлық аймақтарында жоспарлы іс-шаралар өткізіп, 28 қала, 20 аудан, 36 ауылдық округ пен ауыл қамтылып, 100 ден аса мемлекеттік орган мен ұйым, 60 шақты әлеуметтік нысан мен 20 квазимемлекеттік сектор мен бизнес субьектілеріне барды. Қарау барысында көптеген кемшіліктер табылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның барлық бағыттарын сапалы жүзеге асыру үшін оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары мен жоспарды құру механизмі түзетуді қажет екендігін білдіреді.

Г.Имаганбетов,

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының сот приставы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: